Қауымдастық оқулықтар мен көркем әдеби кітаптар өндірісін жандандыру бағытында бірқатар жобаларды жүзеге асыруда. Соның бірі — көркем аударма. Бұл бағытта қазір жергілікті аудармашылар, бүгінгі оқырманға ең қызықты деп танылған бірқатар шетел жазушыларының әйгілі туындыларын тәржімалауда. Мәселен биыл жыл соңына дейін Стиг Ларссонның «Айдаһар таңбалы қыз», Ли Чайлдтің «Дұшпан», «Ажал алаңы», Дэн Брауның «Да Винчи коды», Джеймс Хедли Чейздің «Із қалмасын» атты кітаптарының қазақша нұсқаларын кітап етіп басып шығармақ. Сондай-ақ, осы уақытқа дейін аударылған өзге де классикалық туындыларды да қажеттілікке орай қайта басып шығару қолға алынуда.