«Үш шерту» әдісі - Қазнетті ойсырататын үш соққы, деп санайды қазақстандық сайттар
![]() |
Kiwi.kz, NUR.KZ, Yvision.kz және Namba.kz сияқты қазақстандық ірі сайттар Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовке, Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиевке Және Парламент депутаттарына ашық хат жазды. |
Интернет-қоғамдастықтар хаттарында Қазақстанның Интернет-Қоғамдастығы ұсынып отырған «Үш шерту» әдісіне наразылық білдіріп отыр. Олар өз ұстанымдарын 8 маусымда өтетін баспасөз мәслихатында түсіндірмек.
"Айтылып отырған ұсынысты заңнамалық негіздеу қауіпті", - дейді олар. "Қазақстанның Интернет-Қоғамдастығы құрылған екі жылдан бері тып-тыныш отырды да, кенеттен қызу белсенділік танытып, Қазнеттің мүддесіне қарсы әрекеттерді бастап отыр", - делінген хатта.
«Қазақстандық интернеттің басты айырмашылығы сол, қазақстандық пайдаланушылардың көбісі ТМД елдерінің сайттарына кетуде»,- деп түсіндіреді хат авторлары 6 маусымда бұқаралық ақпарат құралдарына жасаған мәлімдемелерінде (http://yvision.kz/yv/165214).
Еліміздің ұлттық операторы -«Қазақтелеком» АҚ 2008 жылдан бастап веб-жобалар мен пайдаланушыларға жайлы жағдай жасап келеді. Бұл күш-жігерлердің мақсаты - қазақстандық трафиктің сыртқы ресурстарға ағымын азайту. Ал ұсынылып отырған «Үш шерту» әдісі - Қазнетті ойсырататын әдіс.
Біріншіден, пайдаланушы заңсыз контентті іздеп, kz аумағынан сыртқы ресурстарға кетеді. Екіншіден, ресейлік ресурстар қазақстандық сайттарға қарағанда негізгі басымдыққа ие болады. Үшіншіден, отандық торренттер мен онлайн-кинозалдар домендері мен хостингтерін ресейлік адрестерге ауыстырып, Қазақстан Республикасының заңнамалық аясынан шығады.
Қалыптасқан жағдайға талдау жүргізген интернет-сайттардың бірлестігі, интернеттегі авторлық құқыққа қатысты заңнамалық актілерді өзгертуге екі жылға мораторий енгізуді ұсынуда. Осы аралықта ТМД деңгейінде авторлық құқықты сақтау мәселесін шешу керек. Сондай-ақ, пайдаланушылармен, ең алдымен пираттық контентке кетіп жатқан пайдаланушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек, дейді хат авторлары.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін