Бұл туралы Stan.kz тілшісі «Айта берсін» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жарының ата-анасымен бірге тұратын бойжеткен отбасымен жұмысты қатар алып жүруге үлгеретінін айтып, өзінен жақсы келін шыққанын жеткізді.
«Барлығымыз бірге тұрамыз. Таңғы ас, түскі ас, кешкі ас келінге тапсырылады», — дейді ол.
Жарымен 5 жылға жуық уақыт бойы кездесіп, отау құрған Айсәуле керемет отбасы болғанын жасырмайды. Келін ретінде әулетке сіңіп кеткенін де айтты. Жан-жақты қыз күйеуінің ата-анасына құрмет көрсетуге, жұмыс істеуге, жақсы жар болып, өз-өзіне қарауға да үлгеріп жүргенін жасырмады.