Үш жастағы туған қызын зорлап өлтірген түркістандық азамат өзіне қол салды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үш жастағы туған қызын зорлап өлтірген түркістандық азамат өзіне қол салды

Үш жастағы туған қызын зорлап өлтірген түркістандық азамат өзіне қол салды

Алматыдағы тергеу изоляторында өз қызын зорлап және оны өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған 42 жастағы Серік Р. өзіне қол салды.

  • 9 Шiлде 2020
  • 1054
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Шамамен бір апта бұрын, бейресми ақпарат көздерінен түрмелердің бірінде біздің басылымның басты кейіпкері өзін-өзі өлтірді деген хабарды білдік. Бұл 42 жастағы Серік Р. туралы болатын. 2019 жылдың қыркүйегінде ол ең жоғарғы жаза — өмір бойына бас бостандығынан айырылған еді. 

Еске салсақ, ер азамат мас күйінде 3 жасар қызын зорлап, оны 38 жерінен пышақтап, өлтірген. Сот-медициналық сарапшылардың айтуынша, балаға тиген жарақаттардың көп бөлігі өлімге әкеп соқтырған. Қыз алғашқы соққылардан ауырсынудан және соққыдан қайтыс болды.

Бейресми ақпарат бойынша, Алматыдағы абақтылардың бірінде жатқан Серік. Р. өзінің тамырын кескен.

Редакция Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне сұрау жіберіп, ресми жауап алды.


«Сотталушы Рахимбердиев С. шамның әйнегі арқылы сол қолы мен мойнын кесіп, өзіне қол салған. Алматыдағы тергеу изоляторының қызметкерлері жедел көмек көрсетті. Алайда жедел жәрдем оның қайтыс болғанын хабарлаған. Сотталған адамның денесі мен жеке заттарын тексеру кезінде суицид туралы жазба табылған жоқ.

Сотталған адамның қайтыс болуы туралы дереу марқұмның заңды өкілдеріне хабарланды. Сотқа дейінгі тергеудің барысы туралы мәселе қылмыстық-атқару жүйесінің құзыретіне кірмейді. Төраға орынбасары М. Аюбаев»

Шымкент

Соңғы жаңалықтар