Т. аудандық сот үкімімен ҚР ҚК-сінің 311-і бабы 2 бөлгі бойынша, яғни лауазымды тұлға ретінде өз қызметін асыра пайдаланып, пара алғаны үшін кінәлі деп танылған. Соған сәйкес мүлкі тәркіленіп, үш жылға мемлекеттік қызметте лауазымды міндеттерді атқару құқынан, үш жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ 126 мың теңге шығын өндіріліп алынды.
Жазаланушы облыстық экология департаменті Есіл ауданының экологы болып қызмет атқарып жүріп, И.деген азаматтан жерді пайдалануда қамқор болмақ ниет танытып, еңбегін 300 мың теңге сыйақыға бағалаған. Ол кінәсін толық мойындамаса да, сот отырысы барысында жинақталған дәлелдемелер оның кінәсін айғақтады.