Үш жылда 14 көлік жеңіп алған аттың иесі жүлделерін қайда жұмсайтынын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үш жылда 14 көлік жеңіп алған аттың иесі жүлделерін қайда жұмсайтынын айтты

Үш жылда 14 көлік жеңіп алған аттың иесі жүлделерін қайда жұмсайтынын айтты

Еуропалық асыл тұқымды аттарды баптайтын ақтөбелік кәсіпкер көптеген көліктерін тума-туыстарына таратып жіберген, деп хабарлайды BN

  • 15 Қараша 2017
  • 269
Фото - Caravan.kz

Еуропалық асыл тұқымды аттарды баптайтын ақтөбелік кәсіпкер көптеген көліктерін тума-туыстарына таратып жіберген, деп хабарлайды BNews.kzAktobenews.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысының Алға ауданында Есет батырдың 350 жылдығын тойлау аясында ат жарыс өтті. Ақтөбе облысының тұрғыны Марат Көшеров жылқыларын аламан бәйге мен жорға жарыстарға жиі қатыстырады екен. 18 асыл тұқымды жылқының иесі Ресейге де барып, жүлдемен оралған.

«Өзім жеке кәсіпкермін. Бірақ алты жасымнан бәйгеге шапқанмын. Әкем 37 жыл зоотехник болған. Әкемнің ісін әрі қарай жалғастырып жатырмын. 20 жылдан астам уақытта бәйгеге ат қосып, ат дайындап, Қазақстанның түпкір-түпкірінде бас жүлделерге ие болдым. Биыл Ресейдегі Қазан қаласында атым үшінші болып келді, Уфа қаласында екінші орын алды», — деді Марат Көшеров.

Кәсіпкер асыл тұқымды аттарын Еуропадан алдырады. Айтуынша, құлындары Ақтөбенің қатал қысына шыдамайды. Дегенмен, кәсіпкер асыл тұқымды аттарды Қазақстанда өсіру туралы жоспарын жасырмады. Белгілі болғандай, асыл тұқымды ат өсіру — өте табысты жұмыс. Жақсы дайындалған жылқы бір маусымда кемінде үш көлік жеңіп алады екен.


«Мысалы, Модеста деген атым болды. Үш жылда 14 көлік ұтып алды. Сондықтан ол атты барлық атбегілер таниды. Ұтқан көліктерді сыйлыққа беремін. Енді, қазақпыз ғой, тума-туыс бар. Аттарды дайындаған бапкерлердің де еңбегін ескеру керек. Қалған ақшаға атқа шөп, жем аламыз. Қазір тек екі көлікке мініп жүрмін», — деді өзінде үлкен гараждың жоқтығын алға тартқан Марат Көшеров.