Үш жылда Қазақстан қамаудағылар санымен дүниежүзіндегі үшінші орыннан 19-шы орынға төмендеді - ҚР әділет министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-20 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үш жылда Қазақстан қамаудағылар санымен дүниежүзіндегі үшінші орыннан 19-шы орынға төмендеді - ҚР әділет министрі

Үш жылда Қазақстан қамаудағылар санымен дүниежүзіндегі үшінші орыннан 19-шы орынға төмендеді - ҚР әділет министрі

"Үш жылда Қазақстан қамаудағылар санымен дүниежүзіндегі үшінші орыннан 19-шы орынға төмендеді". Бұл туралы бүгін, 7-маусымда ҚР әділет министрі Оңалсын Жұмабеков парламентте өткен үкіметтік сағатта құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 7 Маусым 2004
  • 549
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі таңда түзету мекемелерінде отырған сотталғандар саны 48 мың адамға дейін, ал тергеу абақтыларында отырғандар саны 8 мыңға дейін азайды. Бұл негізінен заңнамаларды жетілдіруге және оларды декриминализациялауға бағытталған мақсатты жұмыстардың нәтижесі»,- деді О.Жұмабеков.

Үкімет қылмыстық-атқару жүйесіне баса назар аударуда,- деді әділет министрі. Атап айтқанда, «тергеу абақтыларын әділет министрлігінің қарамағына беру нәтижесінде жүйе ұйымдастыру- құрылымдық тұрғыдан қалыптасып бітті». Қазіргі жағдаймен, О.Жұмабековтың мәліметіне сәйкес, қылмыстық-атқару жүйесіне 100 түзету мекемесі мен тергеу абақтылары, 909 қылмыстық-атқару инспекциялары еніп отыр.
Сотталғандардың қамаудағы жағдайы да жақсара түсуде. Мәселен, «қазіргі жағдаймен барлық түзету мекемелерінде отырғандар орта және орта кәсіптік білім игеру мүмкіндігіне ие болған». «Қазір 30 мамандық бойынша кәсіптік білім алуға болады»,- деді О.Жұмабеков. Сондай-ақ, қазір жазасын өтеушілердің жоғары білім игеру мүмкіндіктері қарастырылуда. «Қазір біз бұл мәселені білім және ғылым министрлігімен бірлесе талқылап жатырмыз. Бұл ретте сырттай білім алу және қашықтан оқыту мүмкіндіктерін пайдалануға болады. Бірақ бұл білім алуға тілек білдірушілер санына байланысты»,- деді министр.
Сондай-ақ, министрдің хабарлауынша, «бас бостандығынан айыру мекемелеріндегі заңдылық пен тәртіпті нығайтуға және ахуалды сауықтыруға бағытталған шаралар кешені қабылданып, мекемелік нормативтік база қайтадан өңделді».