"Ұшақ апаты": Тасымалдаушы компания қаза тапқандардың отбасына қандай өтемақы беретінін мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 521.81
  • 543.67
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ұшақ апаты": Тасымалдаушы компания қаза тапқандардың отбасына қандай өтемақы беретінін мәлімдеді

"Ұшақ апаты": Тасымалдаушы компания қаза тапқандардың отбасына қандай өтемақы беретінін мәлімдеді

Azerbaijan Airlines әуе компаниясы Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккен азаматтардың отбасына өтемақы беретін болды.

  • 27 Желтоқсан
  • 27
Фото: Azerbaijan Airlines

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Azerbaijan Airlines-тың Instagram парақшасындағы ақпаратқа сенсек, Баку — Грозный рейсін орындаған Embraer 190 ұшағының бортында әуе апатынан зардап шеккендерге 20 000 манат (6 миллион теңгеден астам), ал қайтыс болғандарға 40 000 манат (12 миллион теңгеден астам) көлемінде өтемақы төленеді.

Естеріңізге сала кетсек, 25 желтоқсан күні Бакуден Грозныйға ұшқан Azerbaijan Airlines әуе компаниясының ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшыраған еді. Апат салдарынан 38 адам қаза тапты.