Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтар туралы не белгілі - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
-9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтар туралы не белгілі

Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтар туралы не белгілі

Маңғыстаулықтар үшақ апатынан зардап шеккен 9 ресейлік азаматын Мәскеуге шығарып салды.

  • 26 Желтоқсан
  • 30
Фото: stan.kz

Әзербайжанның бұқаралық ақпарат құралдары соңғы сәтке дейін жолаушыларға нұсқаулық берген, сабыр сақтауға шақырған стюардесса Хекюма Әлиеваның видеосын жариялады. Бұл туралы аман қалғандар айтып, апат алдындағы оның шынайы ерлігін атап өтті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Әуе кемесінің екі ұшқышы Игорь Кшнякин мен Александр Калянинов та қаза тапты. Стюардесса Хекюма Әлиеваның ағасы Джошгун Насибли Unikal-ға әпкесінің жеке басын анықтау үшін талдау алғанын айтты.

«Мен прокуратурадан оралдым, ДНҚ анализі үшін сынамалар алды. Шамасы, жағдай тым ауыр, олар әлі жеке басын анықтай алмай жатыр», — деді ол.

Стюард Зульфугар Асадов пен стюардесса Айдана Рагимли әртүрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

Ұшақта болған 6 қазақстандық аман қалғандар тізімінде жоқ. Олардың кім екендері анықталды. Әлеуметтік желіде қаза тапқан отандастарымыз туралы видео мен фотолар пайда болды. Жеке танитын достары мен жақындары олар туралы жылы естеліктерімен бөлісті.

Қазақстандық тележүргізуші Санди Сұлтан Ақтаумаңындағы әуе апатында 11 жасар ұлымен бірге қаза тапқан астаналық Гауһар Шаймерденова туралы айтты.

«Гауһар маған 9 жыл бұрын оқуға келген, содан бері біз дос болып кеттік. Ол өте мейірімді, қамқор, ілтипатты, шынайы, керемет жасыл көздері бар әйел болатын. Ішкі жан дүниесі мықты, тәуелсіз, еркін өмірді жақсы көретін, саяхаттауды ұнататын еді», – деді ол.

Жүргізушінің айтуынша, Гауһар Шаймерденова нотариус болып жұмыс істеген, ұлдарын жақсы көрген, анасын бағып-қаққан. Биыл оған 49 жыл толған еді.

Ақтау маңында орын алған әуе апатының құрбандары арасында белгілі қостанайлық стоматолог Салима Жұтаева да бар. 29 жастағы Салима Жұтаева Қостанай облысының тумасы. Ол Қостанайда стоматолог болып жұмыс істеп, кәсіби қызметінде танымалдылыққа ие болған. Жақындарының айтуынша, ол өмірге құштар, саяхаттауды жақсы көретін жан болған.

Салима әлеуметтік желілерде белсенді болған, онда өз кәсібі мен саяхаттарын бөлісетін жазбалары көптеп кездеседі. Әуе апаты орын алмас бұрын, үш күн бұрын Instagram парақшасында азербайжан тілінде «Сен жаңбырлы күннің күн сәулесі секілдісің» деп жазған.

Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза болғандардың ішінде Жаңаөзен тұрғыны бар. Азаматтың есімі – Жұмағұлов Бауыржан Жұмабекұлы. Жаңаөзен қаласының тұрғыны. Ол “ӨзенМұнайГаз” компанияында жұмыс істеген. Компанияның мәліметінше, марқұм бұл жерде 2008 жылдан бері еңбек еткен, өзін адал және білікті маман ретінде көрсеткен. Марқұмның артында жұбайы және алты баласы қалды.

Қаза тапқан тағы да бір қазақстандық — Сандібек Төлесінов. Жаңаөзен қаласынан. Әлеуметтік желідегі мәліметтерге сәйкес, “MunaiFieldService” ЖШС-де механикалық-энергетикалық бөлімінің инженері болып жұмыс істеген. Марқұм бұл салада 16 жыл еңбек еткен. Артында төрт баласы және жұбайы қалды.

46 жастағы Махсутова Галина да бортта болған Қазақстан ааматы. Ақтау қаласының тұрғыны. Ол да ұшақ апатынан қаза тапты. Ол жеке кәсіпкер, жеке дүкені болған.

26 желтоқсанда Әзербайжан президенті Илхам Әлиевтің жарлығымен AZAL әуе компаниясының Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшағының құрбандарын еске алу күні ретінде жарияланды. 25 желтоқсан күні Әзірбайжан әуе желілеріне тиесілі Embraer ұшағы Баку-Грозный бағыты бойынша рейс орындап келе жатып, Қазақстанның Ақтау қаласы маңында апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 67 адам болған: 42-сі – Әзербайжан азаматы, 16-сы – Ресей азаматы, 6-уы – Қазақстан азаматы, 3-еуі – Қырғызстан азаматы. Соңғы мәліметтер бойынша, 29 жолаушы аман қалған.

Апаттан зардап шеккен ресейліктерді арнайы ұшақ алып кетті. Маңғыстау облыстық ауруханасына Ресейден дәрігерлер мен ТЖМ өкілдері келіп жетті. Арнайы борт аман қалған 9 Ресей азаматын, соның ішінде 11 жасар баланы Мәскеуге жеткізеді. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты, тасымалдауға жарамды. Оларды тасымалдау алдында мәскеулік дәрігерлер тексеріп, консилиум өткізген.

Ақтау маңындағы Әзербайжан әуе желілерінің ұшағы апатынан қаза тапқан жолаушылар мен экипаж мүшелерінің денелері жақын уақытта Әзербайжанға жеткізіледі. Бұл туралы Әзірбайжанның Төтенше жағдайлар министрлігі мен Azerbaijan Airlines әуе компаниясының баспасөз қызметтері бірлескен мәлімдемеде хабарлады.