Ұшаққа музыка аспабымен мінерде қосымша орын алу керек болады - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұшаққа музыка аспабымен мінерде қосымша орын алу керек болады

Ұшаққа музыка аспабымен мінерде қосымша орын алу керек болады

Бұл жағдай - негізінен барлық авиакомпанияда қабылдаған стандартты әлемдік тәжірибе дейді компания өкілдері.

  • 21 Тамыз
  • 3
Фото: ашық дереккөз

Еліміздегі әуе компаниясы жолаушылар ұшаққа отырар алдында қол жүгіне қатысты нені ескеру керек екенін түсіндірді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Бүгін елордада әуе көлігі тақырыбына арналған баспасөз мәслихатында тілшілер әуе компанияларының басшыларынан «жолаушылар өзімен бірге алып жүрген домбыраға қосымша ақы төлеу керек пе?» деген сұрақ қойды. 

Өз кезегінде Air Astana компаниясының вице-президенті Александр Небога ұшақ ішіндегі қол жүгі жәшіктеріне кейбір заттарды салу мүмкін емес екенін айтты. 

«Ұшақпен кез келген затты алып жүруге келмейтінін білесіздер. Бұл тұрғыда қол жүгі салынатын жәшіктердің көлемінде де, ондағы жүк салмағында да белгілі бір шектеулер бар. Тиісті музыкалық аспаптарды тасымалдауға рұқсат етіледі, ол үшін қосымша орын алу қажет. Бұл жағдай — негізінен барлық авиакомпанияда қабылдаған стандартты әлемдік тәжірибе», — деп түсіндірді А. Небога. 

Оның сөзіне қарағанда, егер қол жүгінің көлемі ұшақтағы жәшіктерге сыйып кетсе, онда қосымша төлем жасаудың қажеті жоқ. 

«Егер оған сыймай тұрса, кез келген затқа қосымша орын алу керек», — деді компания өкілі.

Еске салсақ, былтыр айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай Fly Arystan ұшағына домбырасын алып кіруге рұқсат берілмегенін әлеуметтік желідегі парақшасында жазған еді. Кейін Мәжіліс депутаты ұшақтарға ұлттық аспаптарды кіргізбеуге қатысты әуе компанияларының әрекетін сынға алды.