Ұшақты дронмен шатастырып атып түсірген болуы мүмкін бе - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
-9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұшақты дронмен шатастырып атып түсірген болуы мүмкін бе

Ұшақты дронмен шатастырып атып түсірген болуы мүмкін бе

Azerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі Embraer 190 ұшағының бортында барлығы 67 адам, оның ішінде бес экипаж мүшесі болған. Әуе апатынан 29 адамның тірі қалғаны белгілі.

  • 26 Желтоқсан
  • 24
Фото: видеодан алынған

Ақтауда кеш орын алған әуе апаты туралы қайғылы оқиғаға байланысты түрлі болжамдар пайда болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Журналист-блогер Мейіржан Әуелханұлы Facebook парақшасында пікір жазды.

Ұшақтың сыртқы қаптамасынан зениттік зымыран жарылысы кезінде пайда болатын іздер табылған. Тірі қалған жолаушылардың бірі пилоттардың Грозныйға үш рет қонуға тырысқанын айтып берді:

«Үшінші рет бірдеңе жарылды. Жарылыс болды — бірақ мен оны ұшақтың ішінде болды деп айта алмаймын. Мен отырған жердің қасындағы қаптама ұшып кетті», — дейді ол.

Бұған дейін ұшақ Грозныйдағы тұманға байланысты Каспий теңізі арқылы Ақтауға бағытталғаны хабарланған болатын. Кейін әуе кемесі құстар тобына соқтығысып, басқарудан айырылған деген болжам жасалды.

Алайда, ұшақтың қаптамасындағы іздер басқа жағдайды меңзейді — ұшақ Грозныйға жақындағанда атып түсірілген болуы мүмкін. Оны украиндық дрон деп шатастырған болуы ықтимал, себебі дәл сол күні Грозныйға дрондар шабуыл жасаған еді.