Ұшақ апатында қаза тапқан шекарашылардың отбасына материалдық көмек көрсетіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұшақ апатында қаза тапқан шекарашылардың отбасына материалдық көмек көрсетіледі

Ұшақ апатында қаза тапқан шекарашылардың отбасына материалдық көмек көрсетіледі

Осы ұшақ апатынан қаза болған 27 азаматтың отбасына 5-тен 15 миллион теңге көлемінде материалдық көмек берілмек. Яғни, әскерилердің алып келген жалақы көрсеткіштеріне сәйкес 5 жылдық еңбекақысы төленеді. Естеріңізде болса, кеше марқұмдардың жақындарымен жүздескен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі де 1 миллион теңгеден көмек беретінін айтқан еді.

  • 29 Желтоқсан 2012
  • 393
Фото - Caravan.kz

Бұл -құлаған «АН-72» ұшағында ажал құшып, қаза болған 27 әскеридің бірі-Қанатбек Қабдығазизовтің отбасы. Көңіл айтып келушілер қарасы көп. Десе де екі тәуліктен бері мұнда дәрігерлер де келуін жиілеткен. Суыт хабарды естіген жарының денсаулығы сыр беріп. Қарт анасы да көз жасына ерік берумен ғана отыр қазір.

Шәкежан Қабдығазизова, анасы:

Жай күнімде төбемнен жай түсіп, маңдайдағы жұлдызым еді ғой. Қайтемін, айырылып қалдым. Отырмын, оның орны табылмайды ғой. Ешкімге қастығы жоқ, біреудің қолтығынан сүйеп, қамқоршы болғанға дайын еді.

Полковник Қанатбек Қабдығазизовтың артында сондай-ақ, жалғыз ұлы 19 жастағы Қайрат та қалды.

Қайрат Қабдығазизов, ұлы:

Әкем өзін аямай, жұмыс істеуші еді. Таңғы 8-де кетеді, түнгі 9-10 да келеді. Сөйте тұра бізге де қарап, қарайласып үлгеруші еді. Әрине, менің әкем мен үшін қадірлі тұлға болып қалады.

45 жастағы полковник Шығыс Қазақстан облысының тумасы. 2007 жылы лауызымы өсіп, Астанаға қоныс аудара келіпті. Ал көптен күткен «полковник» шенін осыдан бір ай бұрын ғана алған екен.


Нұрлан Сыздықов, досы, запастағы полковник:

— Мен Қанатбекпен 1995 жылдың басында 24/68 әскери бөлімшесінде таныстым. Сол жерде қызметтес болдық. Лейтенант болып келген жас жігітпен бірден араласып кетік. «Досқа» дегенде өте таза, адал жігіт еді.

Қанатбек Қабдығазизовты жақындары Астанада жерлемекке ұйғарып отыр. Әрине, адам орнын толтырмас, десе де қара жамылған бұл отбасы бар, өзге 26 әскеридің ет жақындарына мемлекет тарапынан 5-тен 15 миллонға дейін өтемақы берілетін болды. Яғни, бұл- олардың 5 жылдық жалақылары. Ал әзірге марқұмдардың мәйіттері әлі толық танылып біткен жоқ.