"Ұшақ дайын, сау болыңыз": Қаңтар кезінде Кәрім Мәсімов президентке елден кетуді ұсынған (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ұшақ дайын, сау болыңыз": Қаңтар кезінде Кәрім Мәсімов президентке елден кетуді ұсынған (ВИДЕО)

"Ұшақ дайын, сау болыңыз": Қаңтар кезінде Кәрім Мәсімов президентке елден кетуді ұсынған (ВИДЕО)

Қаңтар қақтығысы кезінде  ҰҚК-ның  бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа елден кетуді ұсынған көрінеді. Тіпті бұл үшін арнайы ұшақ та дайындап қойыпты.

  • 15 Маусым 2022
  • 1442
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы белгілі жазушы Смағұл  Елубай «Сұрауы бар» Youtube арнасындағы сұқбатта айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

«Қаңтар оқиғасы тұсында ол кісіге (президентке) Кәрім Мәсімов бастаған бір топ келген. Олардың бәрі шенді-шекпенділер. Олар «ана жақта ұшағыңыз дайын тұр, сау болыңыз» деген. 

Мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аузынан естіген сөзімді айтып отырмын. Тура осылай айтты. Мен (мемлекет басшысына) 45 күн бұрын кіріп шыққанмын… «Дайын тұр ұшағыңыз. Сау болыңыз» деген ғой. Кейін бұл кісі (Қасым-Жомарт Тоқаев) іске шындап кірісті де, ертеңінде бүкіл билікті қолына алды. Қауіпсіздік кеңесін қолға алды. Оның көптеген процедурасы болатын. Оған қараған жоқ. Президент қаулы шығарды да билікті қолына алды. Мәсімовті түрмеге отырғызды», — дейді Смағұл Елубай.

Қаламгердің пікірінше, қаңтар оқиғасы кезінде Мемлекет басшысы елді тастап кеткенде,  жаппай тәртіпсіздік орнап, соңы азаматтық соғысқа ұласуы мүмкін еді.


Сондықтан бұл кісі неде болса ерлік жасады, қорықпады. Егер де ұшаққа отырып Қазақстанды тастап кеткенде не болар еді? Үш күннің ішінде Қазақстан бөлшектеніп кеткен болар еді. Бірден сепаратизм бас көтерген болар еді, бірден азамат соғысы басталар еді, Қаңтар оқиғасы ойыншық болып қалар еді, бүкіл халық көшеге шығар еді, — дейді қаламгер