Ұшақ ішіндегі қосымша тексерулер салдарынан Атырауда Амстердамға бет алған Боинг 3 сағатқа кідірді - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұшақ ішіндегі қосымша тексерулер салдарынан Атырауда Амстердамға бет алған Боинг 3 сағатқа кідірді

Ұшақ ішіндегі қосымша тексерулер салдарынан Атырауда Амстердамға бет алған Боинг 3 сағатқа кідірді

"Эйр Астана" әуе компаниясына қарасты "Боинг-757" ұшағының ішіндегі қосымша тексерулер салдарынан Атырау әуежайында Алматы-Атырау-Амстердам бағытындағы №889 рейстің ұшағы 3 сағатқа кідіртілді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі ҚР төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

  • 18 Тамыз 2005
  • 457
Фото - Caravan.kz

Министрліктің түсініктемесіне сәйкес, ұшақта қосымша тексерулер жүргізуге борт ішінен белгісіз химиялық заттың иісі аңқуы себепкер болған. Ұшақтың жүк қоятын бөлігіне жүргізілген тексеру кезінде иіс формалині бар 500 мл-лік әйнек ыдыстан шыққаны анықталды. «NEDRA»консалтингтік орталығы» ЖШС-нің қызметкеріне қарасты ыдыс сынып қалған екен.

Перейти к новостям спорта