Ұшақта бразилиялықтың ажал құшуына есірткі салынған капсуланың асқазанында жарылуы себеп болған - kaz.caravan.kz
  • $ 510.81
  • 578.59
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
2 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұшақта бразилиялықтың ажал құшуына есірткі салынған капсуланың асқазанында жарылуы себеп болған

Ұшақта бразилиялықтың ажал құшуына есірткі салынған капсуланың асқазанында жарылуы себеп болған

Әлемдік БАҚ Лиссабоннан Дублинге ұшқан 24 жастағы жолаушының ажал құшу себебін хабарлады.

  • 21 Қазан 2015
  • 339
Фото - Caravan.kz

Еске сала кетейік, 18 қазанда ұшақ бортында 24 жастағы Бразилия тұрғыны көз жұмған еді.

Кейін белгілі болғандай, бразилиялық студенттің асқазанында шамамен бір келі есірткі  салынған 80 капсула  болған. Ұшақ әуеге көтерілген кезде олардың бірі жарылып, жігіт өзін бірден нашар сезінген. Осы мезетте жанұшырған ол жанындағы көршісін тістеп, бір орында отыра алмай аласұрып жүрген.

Кейін есірткі курьері есінен танып, мерт болды.