Ұшақты айдап әкетушілер ату жазасына кесілді - kaz.caravan.kz
  • $ 510.81
  • 578.59
+20 °C
Алматы
2025 Жыл
2 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұшақты айдап әкетушілер ату жазасына кесілді

Ұшақты айдап әкетушілер ату жазасына кесілді

ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономдық ауданының халықтық соты үш адамды ату жазасына, бір адамды өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

  • 12 Желтоқсан 2012
  • 325
Фото - Caravan.kz

Сотталушыларға ұшақты басып алу және айдап әкету бойынша айыптар тағылды.

Оқиға Шыңжаңда ағымдағы жылдың 29 маусымында орын алды. Ұлты ұйғыр алты лаңкес ішінде 92 жолаушы отырған Tianjin Airlines әуе компаниясының «Хотан-Үрімші» рейсін орындап жатқан ұшақты ол аспанға ұшқан соң 10 минуттан кейін басып алмақшы болды.

Қылмыскерлер ұшқыштар кабинасына сынған балдақтың көмегімен кіріп, жарылғыш затты іске қоспақшы болды, делінеді сот мәлімдемесінде.

Алайда экипаж мүшелері жолаушылардың көмегімен жағдайды бақылауларына алып, алты қылмыскерді қарусыздандыра алды. Бұдан кейін ұшақ Хотан әуежайына қайтып оралды. Бұл қылмыста екі күдікті азамат ауруханада көз жұмды.

Сот мәлімдемесінде атап өтілгендей, қылмыстық топ 2011 жылдың қазан айында діни экстремистердің ықпалына түсіп, ағымдағы жылдың мамыр-маусым аралығында ұшақты айдап әкетуге дайындалған.