Үшем дүниеге келді, үшеуі де ұл бала - Жамбыл облысы - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үшем дүниеге келді, үшеуі де ұл бала - Жамбыл облысы

Үшем дүниеге келді, үшеуі де ұл бала - Жамбыл облысы

 Таразда үшем дүниеге келді. Бұл облыс бойынша биыл дүние есігін ашқан үшінші үшемдер.

  • 4 Қыркүйек 2015
  • 592
Фото - Caravan.kz

Олардың үшеуі де ұл бала. Шақалақтардың барлығының салмағы бірдей 2 келі 400 грамнан.

Дәрігерлердің айтуынша, нәрестелер жеті айлық болғанмен жағдайлары қалыпты. Жаңа туған сәбилердің алдында екі әпкесі мен бір ағасы бар. 35 жастағы Айсұлу Бейсеқұлова осылайша бірден күміс алқа иегері атанып отыр, деп хабарлайды 24.kz.

 Айта кету керек, биыл жыл басынан бері өңірде 17799 нәресте өмірге келсе, оның 69-ы егіздер, үшеуі үшемдер екен.


«Қуанамын. Құдай маған енді мынандай сый берді. Осындай баға жетпес сыйлықты әркімге бере бермейді. Маған берді. Мен өте қуаныштымын»,-дейді үшемдердің анасы Айсұлу Бейсеқұлова ақ жүрегінен ақтарыла. 

Соңғы жаңалықтар