«Үшеуі аман қалған»: Түркістан облысында Сырдария өзеніне батқандар жайлы жаңа дерек беліглі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Үшеуі аман қалған»: Түркістан облысында Сырдария өзеніне батқандар жайлы жаңа дерек беліглі болды

«Үшеуі аман қалған»: Түркістан облысында Сырдария өзеніне батқандар жайлы жаңа дерек беліглі болды

Түркістан облысында суға кеткен 11 адамның денесі түгел табылды.

  • 24 Тамыз 2023
  • 25
Фото - Caravan.kz

Құтқарушылар кеше таңертең 12 жастағы ұлдың мәйітін өзенге түскен жерінен 15 шақырым жерден алып шықса, 10 жастағы қыздың мүрдесі 300 метр қашықтан табылды, деп хабарлайды КТК телеарнасына сілтеме жасаған Сaravan.kz медиа порталы.

Белгілі болғандай, суға батқандарды құтқармақ болған тағы үш адам болған. Олар қазір ауруханада жатқан көрінеді.

«Судан аман шыққан тағы бір ересек пен екі балақай ауруханада жатыр. Қазіргі таңда олардың денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ», — дейді жерігілкті денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.
 

Ал суға кеткен екі жеткіншектің денесі кеше табылған еді.



"Оныншысын қайықпен өзен бетін қарап жүргенде сүңгуірлер тапты. Он бірінші адамды, сүңгуірлер ағаштың бәрін қозғап, өтіп кеткеннен кейін өрт сөндірушілер аяғының ұшын байқап қалып, алып шықты",-дейді Түркістан облысы ТЖД бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев.

Айта кетейік, 21 тамыз күні Ызакөл ауылындағы бір әулеттің 21 адамы Сырдария жағалауына демалуға шыққан. Бірақ шомылып жатқан жеткіншектердің бірі суға тұншығып, оны құтқару үшін ересектер өзенге секіріп, мерт болған еді.