Үшінші тоқсан бойынша еліміздегі орташа жалақы - 141 мың теңге - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үшінші тоқсан бойынша еліміздегі орташа жалақы - 141 мың теңге

Үшінші тоқсан бойынша еліміздегі орташа жалақы - 141 мың теңге

2016 жылғы 3 тоқсанда бір қызметкердің орташа айлығы 141187 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі 2015 жылдың осы уақытымен салыстыр

  • 1 Қараша 2016
  • 1051
Фото - Caravan.kz

2016 жылғы 3 тоқсанда бір қызметкердің орташа айлығы 141187 теңгені құрады.

Атаулы жалақы индексі 2015 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 113,4%, ал нақты жалақы индексі 96,7% құрады, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

Статистика комитетінің мәліметіне қарағанда салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 326,7 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,3 есеге артты), одан кейінгі орында кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазушылар – 313,2 мың теңге (2,2 есеге артты). Алғашқы үштікті қаржы және сақтандыру қызметіндегілер түйіндеді – 254,9 мың теңге (1,8 есеге артты).

Ал алғашқы бестікті қорытындылағанда ақпарат және байланыс саласында – 196,3 мың теңге (1,4 есеге артты), көлік және қоймалау саласында – 182,0 мың теңге (1,3 есеге артты) жалақы белгіленді.

Сонымен бірге еліміздегі ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленген – 89,4 мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 36,7%-ға төмен және білім беру саласында – 87,5 мың теңге көлемінде (тиісінше 38,0%-ға төмен).


Ал айлық көлемі бойынша өңірлер арасында әлі де Атырау облысы – 279,2 мың теңгемен көш бастап тұр. Бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 2,0 есеге артық. Ал елімізде ең төмен жалақы алатындар Жамбыл облысында. Ондағы жалақы көлемі 94,5 мың теңгені құрайды, бұл ел бойынша орташа деңгейден 33,1%-ға төмен.

Ескерту. Халықаралық стандарттарға сәйкес бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы қосымша ақыларды, үстемақыларды, сыйақыларды, сондай-ақ салықтар мен басқа да ұсталымдарды (табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналарын) есепке ала отырып қалыптастырылады.

Соңғы жаңалықтар