Бұған дейін баспасөз беттерінде экипаж командирлерінің ай сайын 10 000 доллар алатындығы туралы жазылған болатын. ҚР Парламенті Сенатының қорғаныс, қауіпсіздік және халықаралық қатынастар комитетінің отырысында да осы сома жария етілген еді.
П. Фостер ұшқыштардың шынында да жоғары жалақы алатындығын растады.
«Ұшқыштар әлемдік стандарттардың талаптарына сай квалификация алады. Сәйкесінше, біздің ұшқыштар да осындай еңбекақы алулары керек» , — деді ол.
Сонымен қатар, Питер Фостер бір шенеуніктің одан «Эйр Астана» ұшқыштарының жалақысы неге министрлердің жалақысынан көп?» — деп сұрақ қойғаны жайында айтып берді. Ол шенеунікке былай деп жауап беріпті: «Менің ұшқыштарым кез келген елде ұшқыш болып жұмыс істей алады. Ал министр, ол тек Қазақстанда ғана министр бола алады».
Кездесу барысында П. Фостер журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, оларға табыстар тіледі.