Үштөбеде полиция қызметкерлері екі Ресей азаматынан 2 млн. 750 мың теңге көлемінде жалған ақша тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үштөбеде  полиция қызметкерлері екі Ресей азаматынан 2 млн. 750 мың теңге көлемінде жалған ақша тәркіледі

Үштөбеде полиция қызметкерлері екі Ресей азаматынан 2 млн. 750 мың теңге көлемінде жалған ақша тәркіледі

АЛМАТЫ. 31 тамыз. Kazakhstan Today. Оңтүстік Шығыс темір жолы көліктегі ішкі істер департаментінің қызметкерлері Үштөбе станциясында екі Ресей азаматын ұстап, олардан жалпы сомасы 2млн. 750 мың теңге жалған ақша тәркіледі. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігіне көліктегі Оңтүстік Шығыс ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 31 Тамыз 2006
  • 468
Фото - Caravan.kz

Мәліметке қарағанда, Алматы-Новосибирск бағытындағы жолаушылар отарбасы уақытша тоқтайтын уақытта жеміс сатушы әйелдер бір еуропалық нәсілді әйелдің жеміс сатып алып, 2 мың. теңгелік жалған ақшамен есеп айырысып кеткенін полиция қызметкерлеріне хабарлаған. Күдікті сол жерде ұсталды.Тексеру барысында әйелдің жанында, көрші вагондарға жасырынып үлгерген тағы бір ер азаматтың болғаны белгілі болды. Ол да көп ұзамай қолға түсті, 51 жастағы Ресей азаматы бұрын сотталған екен.

Күдіктілер сөмкелерімен қоса поездан түсірілді. Жол сөмкелерін тексеру кезінде полиция қызметкерлері 2 мың теңгелік тағы 1375 купюра мен түсті қаламдар, сызғыш, қайшы тауып алды. Барлық банкноттар ВА 1413885 деген бір тіркеу нөмірімен басылған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша тергеу абақтысына тоғытылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар