Осы орайда, желіде жас жігіттің тылсым күштің көмегімен екі бірдей балақайды аман алып шыққан видеосы тарады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Ер-азаматтың айтуынша олар зілзаладан қираған үйінділерді ауыр техникамен жинап жатқан. Сонымен бірге құтқарушылар аталған жерде тірі адамның жоқ екенін, сол себепті қирандыларды жинауға бел буғаны белгілі болды.
«Үйінділерді ауыр техника жинап жатқан кезде кенеттен әйел адам келіп, бізге тыныштық сақтауға, қирандылар астында тірі жандар бар екенін және сол жерді өзі көрсететінін айтты. Бірақ аппарат бізге үйінділер астында тірі адамның жоқтығын көрсеткен еді. Сөйтіп біз қирандыларды жинай бастағанда, екі тірі балақайды құтқарып қалдық. Бірақ бізге осы балалардың осында жатқанын айтқан әйел адам ұшты-күйлі жоқ болып кетті. Құтқарушылардың бәрі жұмысты тоқтатып, не болғанын түсінбей қалды. Бір кезде балалардың бірі аналарының осыдан төрт жыл бұрын қайтыс болғанын айтты. Біз тізерлей отыра қалып, Аллаға тек алғыс айтып, көз жасымызға ерік бердік»,- дейді оқиға куәгері.
Айта кетейік, қазіргі таңда Түркиядағы алапат жер сілкінісінен қаза болғандар саны 30 мыңнан асып жығылды.