Успенск ауданында жастардың еңбек жасақтары жұмысқа кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Успенск ауданында жастардың еңбек жасақтары жұмысқа кірісті

Успенск ауданында жастардың еңбек жасақтары жұмысқа кірісті

«Жасыл ел» еңбек жасақтары мен «Пончики» қоғамдық тамақтандыру отряды үшінші еңбек семестрін бастады,

  • 28 Маусым 2011
  • 400
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады Павлодар облысы Успенск ауданының әкімдігінен.

«Жасыл ел» отрядтары Успенск және Галицкое селоларындағы №25 кәсіптік лицейдің оқушылары мен жоғары сынып оқушыларынан жасақталып отыр. Жастар аталған ауылдарды көгалдандыру, тазалау және абаттандыру жұмыстарына атсалысуда.

Ал «Пончики» отрядының жауынгерлері Константиновка селосындағы «Болашақ» сауықтыру лагерінде аспазшының көмекшілері болып еңбек етуде. Кәсіптік лицейде «Тамақтандыруды ұйымдастыру» және «Наубайхана, макарон және кондитер өнімдері» мамандықтары бойынша оқитын олар лагерьде тәжірибеден өтеді және жалақы алады.

Соңғы жаңалықтар