БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, жартылай финалда батысқазақстандық Гүлчехра Хусейнова астаналық Анастасия Лаврованы тізе бүктірсе, тағы бір оралдық Наталия Сладкова қарағандылық Юлия Гацты жеңді. Финалда Г.Хусейнова жерлесін ұтып, екінші мәрте ел чемпионы атанды.
Ерлер арасында К.Герасименко (Астана), Т.Келбуғанов (Алматы), С.Бейсенов пен С.Бейсалиев (Алматы) жүлделі орындарды өзара бөлісті. Әйелдер жұбында Г.Хусейнова (БҚО) мен А.Лаврова (Астана) бірінші орынды иеленді.
Аралас жұптан К.Герасименко мен А.Лаврова (Астана) озық шықса, С.Бейсенов пен Г.Хусейнова екінші жүлдені еншіледі. Сондай-ақ болашағынан үміт күттіретін оралдық 11-сынып оқушысы, 2002 жылғы Алсу Сапарова ересектер арасында үздік 12 ойыншының қатарына енді.