Үстел теннисінен халықаралық турнирде қазақстандықтар жеңіске жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үстел теннисінен халықаралық турнирде қазақстандықтар жеңіске жетті

Үстел теннисінен халықаралық турнирде қазақстандықтар жеңіске жетті

Облыс әкімі Б.Ізмұхамбетовтің жүлдесі үшін жасөспірімдер арасында үстел теннисінен бүгін халықаралық турнир мәреге жетті.

  • 24 Қыркүйек 2011
  • 543
Фото - Caravan.kz

Бұл турнирде қазақстандық теннисшілер олжалы болды. Атап айтқанда, ер балалар арасынан «Қазақстан-1» құрама командасы бас жүлдеге ие болса, екінші орын өзбек елінің жасөспірімдеріне бұйырды. Үшінші орын — «Қазақстан-2» командасында.

Қазақстандық қыздар да намысты қолдан бермей, жарыс биігінен көрінді. Қазақстанның екі командасы алғашқы орындарды иеленсе, үшінші жүлде — батысқазақстандықтарда. Жалпы, БҚО ко­ман­да­сының құрамында 13 ойыншы бар.

Ал 1997 жылғы туылғандар арасында өткен сайыста облыстың балғын теннисшілері жақсы ойын көрсетті.

ҚР Үстел теннисі феде­ра­ция­сының вице-президенті Мәлік Бисалиев батысқазақстандық теннисшілердің өзіндік ойын өрнегі бар екенін, олардың келешекте Қазақстанның құра­ма командасы сапында болатынына сенім білдірді. Жүлдегерлерге дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.