Үстел теннисінен өткен чемпионатта Астана құрамасы үздік танылды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үстел теннисінен өткен чемпионатта Астана құрамасы үздік танылды

Үстел теннисінен өткен чемпионатта Астана құрамасы үздік танылды

10-17 ақпан аралығында Қостанайда үстел теннисінен ел чемпионаты өтті. Бұл сайысқа 12 облыс пен Астана және Алматы қалаларынан барлығы 126 спортшы қатысты.

  • 20 Ақпан 2012
  • 505
Фото - Caravan.kz

«Жарысқа елордалықтар мықты құраммен жасақталып барды. Бұл жолы астаналықтар ұлттық біріншілікте өздерінің жоғары біліктілігін дәлелдеп, 4 алтын медальді қанжығаларына байлады. Жалпы бұл додада 5 медаль сарапқа салынған еді», — делінген Астананың туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының мәліметінде.

Атап айтқанда, тәжірибесі молдау қарсыластарын 15 жастағы елордалық Кирилл Герасименко тізе бүктірді.

«Ол тек 15 жаста ғана. Алайда, ол бұған дейін де өзінен ересек қарсыластарын ұтып жүрді. Биыл Кирилл Қазақстанның чемпионы титулын жеңіп алды. Ал осыған дейін ол балалар және жасөспірімдер турнирлерінің чемпиондық титулдарын қанжығасына байлаған еді»,-дейді елордалық құраманың жаттықтырушысы Геннадий Герасименко.

Жалпыкомандалық есепте Астана құрамасы үздік танылып, бірінші орынды иеленді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера