Оның айтуынша, банктің Қазақстан экономикасына арнаған жалпы инвестициясының көлемі тек биылғы жылы 450 млн. евроны құрайды. Бұл инвестициялар телекоммуникация, энергетика, ауылшаруашылығы, банк саласы және шағын бизнеске арналғалы отыр.
Алдағы 3-4 жылда Еуропалық қайта құру және даму банкі елімізге жыл сайын 400-500 млн. евро көлемінде инвестиция салуды межелеп отыр. «Оған себеп, Қазақстан- біз жұмыс істейтін ең маңызды елдердің бірі»,- деді Д.Хекстер. «Экономика дамыған сайын мұндай қаржының қажеттігі арта түседі»,- деді ол.