Алайда, актриса ақ босаға аттауға асықпайды. Себебі әлі көрерім көп, дейді.
“Иә, қазір сүйікті жігітім бар. Ол маған тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады. Оны үш жылдан бері танимын. Бірақ 2-3 жыл күтетін шығармын. Содан кейін де тойдың уақыты кеп қалар”, – деп ағынан жарылды Анар.
Батырханова тұрмыс құратын жасқа әлдеқашан келгенін біледі. Десе де асықпайды. Себебі әлі де өнерін шыңдағысы келеді.
“Аяққа тұрғым келеді. Әлі де дамығым келеді. Себебі тұрмысқа шықсам, қазіргідей айлап үйге келмей, гастрөлде жүре алмаймын. Шектеу болады бәрібір.
Әзірге жаспын. Жігітім оны түсініп тұрса, неге жоқ? Тағдыр деген болжап біле алмайтын нәрсе, мен 20 жасымда тұрмысқа шығуым мүмкін еді, 35 жаста да шығуым мүмкін. Қазір 2-3 жылдан кейін деп айтып отырғаныммен, ертең-ақ шығып кетуім мүмкін. Біз ертең не болатынын білмейміз”, – деді Анар.
Сондай-ақ, желі жұлдызы болашақ жарының кәсіпкер екенін жайып салды.
“Ол шығармашылық адамы емес. Менің ата-анам да оны қаламас еді. Оның жеке бизнесі бар. Ең бастысы, ол мені таниды, қолдайды. Және де мені бұрыннан таниды. Ал қазір сенің ақшаңа, табысыңа қарайтын жігіттер бар”, – дейді Анар Батырхан.