Утильалымға қарсы петиция бойынша қоғамдық тыңдаудың мерзімі мен өтетін орны белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Утильалымға қарсы петиция бойынша қоғамдық тыңдаудың мерзімі мен өтетін орны белгілі болды

Утильалымға қарсы петиция бойынша қоғамдық тыңдаудың мерзімі мен өтетін орны белгілі болды

Қарапайым қазақ дені дұрыс көлік мінетін күн қашан туады?

  • 10 Шiлде
  • 19
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы ақпарат ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі сайтында пайда болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің хабарлауынша «ҚР Халқы кәдеге жарату және алғашқы тіркеуге қарсы» петициясын қарау жөніндегі жұмыс тобының қорытындылары бойынша қоғамдық тыңдаулар 15 шілдеде сағат 11.00-де өтеді. Ол Алматы қаласындағы  «Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС зауытында болады деп жоспарлануда. 

Сондай-ақ министрліктің әлеуметтік желідегі парақшасы мен бірқатар ақпарат агенттіктерінде тікелей эфир ұйымдастырылады.

Еске салсақ, мамыр айының соңында E-Petition.kz ресми порталында жарияланған утильалымға қатысты петицияны қарауға қажетті қол жиналған болатын. 50 000 қол жиналған петиция министрліктің қарауына жолданды. Мәдениет және ақпарат министрлігі өтініш оны тіркеген сәттен бастап 40 жұмыс күніне дейінгі мерзім ішінде қаралатынын мәлімдеген болатын. 

Ал маусым айының басында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі утиль алым мәселелері бойынша петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы шегерілгенін мәлімдеді. Министрліктің баспасөз қызметі петицияға бастама көтерген азаматтар талапты орындамады деген уәж айтқан. Ереже бойынша мекеме ғимаратында келушілер ұялы телефондарын кіре берісте қалдыруы керек. Алайда өтініштің бастамашысы Санжар Боқаев және оның өкілдері регламент талаптарын орындаудан және жұмыс тобының отырысына қатысудан бас тартты.

Көп ұзамай бірінші вице-премьер Роман Скляр да өз пікірін білдірді. 

«Барлық кедергіні, соның ішінде 3 жылдан асқан автомобильдерге тіркеуді алып тастау ескі машиналардың елімізге көптеп жеткізілуіне, экологиялық жағдайдың едәуір нашарлауына әкеліп соғады. Онда біз барлық елден 20, 30 жыл бұрынғы көліктерін алып, олардың базарын босатайық. Олар өздеріне жаңа көліктер алады, бізде бәрі ескі болады»,- деп тұжырымдаған.  

Мәжілісмен Абзал Құспан болса Парламент депутаттарының басым көпшілігі утильалымға қарсы шығып отырғанын айтады. Оның басты себебі Үкіметтің 2016 жылдан бастап утильалымнан жиналған қаржының қайда кеткені туралы ақпаратты депуттарға да бермей отырғанында. 

Мамыр айында бір топ азамат жиналып, утильалым төлемін жоюды талап етіп, шу шығарған еді. Видео әлемжеліде тарап кеткен.

«Осының бәріне тағы қанша адам шыдайды? Сіздер халық үшін қызмет ету керексіздер. Халық құл емес! Біз ешкімге төлеуге міндетті емеспіз. Біз олигархтарды бағып отырмыз ба? Не үшін? Халыққа емес, олигархтарға ғана қызмет ететін министрлер бізге не үшін керек? Отставкаға кетсін», — деген еді көлік иелері.

Депутат Нартай Аралбайұлы да қарапайым қазақ жақсы көлік мінсін деп министрлікке талай хат жолдап, күресіп жүр.  Мәселе қалай өрбіп жатқанын ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында үнемі жазып жүреді.

«Қарапайым қазақ дені дұрыс көлік мінсін, олигархтардың қалтасын ойға кіріп шықпайтын төлеммен толтыруды доғарыңдар деп талап етіп келемін. Жасыратыны жоқ, утилалым мен алғашқы тіркеу жойылсын деген талабыма қарсы талай күштер табылды. Күнде “соғыс”, — деген еді депутат.

Еске салайық, Қазақстанда 2016 жылдан бастап өндірушілер мен импорттаушылар үшін кеңейтілген міндеттемелер заңнамасы қолданыста. Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін жинау, өңдеу және кәдеге жарату үшін қосымша шығындарды талап ететін көлік құралдарын, резеңке бұйымдарды, аккумуляторларды, мұнай және химия өнімдерін қамтитын өнімдердің тізімі бар.

Қарапайым тілмен айтқанда, біздің елде кәдеге жарамайтын көліктерді қайта өңдеуге жіберуге болмайды. Бұл шығындар утильалым ақысын жабуға жұмсалады. Яғни келесі рет қайда өңдеу үшін бір реттік төлем жасайды. Мәселе қыруар ақша жайында болып отыр. Кейде утильалым төлемі көліктің құнынан да асып түседі. Сондықтан көпшілігі арзан және ескі көліктермен жүруге мәжбүр.

2022 жылғы қаңтар оқиғасынан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев «Оператор РОП» ЖШС-ны утильалым төлемін қабылдау бойынша монополиялық құқығынан айыруды бұйырған еді.