Ұялы байланыс операторлары 100 мың теңгеге дейін несие беретін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұялы байланыс операторлары 100 мың теңгеге дейін несие беретін болады

Ұялы байланыс операторлары 100 мың теңгеге дейін несие беретін болады

Ұялы байланыс операторлары табыс табудың жаңа жолын ойлап тапты. Енді олар Қазақстан азаматтарына қарызға ақша беретін болады. Несиенің көлемі 100 теңгеден 100 мың теңгеге дейін. Жаңа қызмет биыл іске қосылуы тиіс. Айына 10 мың шағын несие беру. Ресімдеу уақыты небәрі 1 сағаттың көлемінде. Қазақстандық ұялы байланыс операторларының алдында осындай міндет тұр қазір. Монополистер ұсынған жаңа қызметті еліміздің кез келген азаматы пайдалана алады. Шарты қарапайым. Алған қарызыңды бір айда өтеу керек. Бастысы, несие беретін ұялы оператордың абоненті болсаң болғаны.

  • 22 Маусым 2016
  • 458
Фото - Caravan.kz

Тимур Шалекенов, ұялы қаржы сервисінің жетекшісі:

— Мысалы, сізге шұғыл түрде Астанадан ұшу керек болып тұр. 40 мың теңгенің билетін алу қажет. Қаражатты жедел алу үшін банкке бара алмайсыз. Ал достарыңыздан қарызға ақша алғыңыз келмейді делік. Сол кезде ұялы операторға несие алуға өтініш жолдауға болады. Ал қызметтің жаңа түріне қатысты тұтынушылардың пікірі екіге бөлінді.

Наргиза Ибраева, Астана қаласының тұрғыны:

— Бұл идея менің көңілімнен шығып тұр. Жаңа технологиялар заманында несиені жедел алуға жақсы мүмкіндік жасалған. Бастысы, сағаттап кезекте тұрудың қажеті жоқ.

Григорий Рубцов, Астана қаласының тұрғыны:

— Қызметтің бұл түрін мен пайдалана қоймайтын шығармын. Өйткені сенім жоқ. Негізі несие алу деген нәрсені өз басым жақтырмаймын.

Кирилл Митрошкин, Астана қаласының тұрғыны:

— Бұл ыңғайлы болса, несиені неліктен ұялы оператор арқылы алмасқа. Шұғыл түрде ақша керек болса, онда мен несиені осылайша ресімдеп алушы едім. Ұялы телефон операторларының мұндай қадамға баруы түсінікті жайт. Кірісі төмендеген монополистер жаңа табыс көздерін іздеп жатыр.

Тимур Баилов, ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі тарифтерді реттеу басқармасының басшысы:


— Байланыс операторлары жаңа абоненттерді тарту үшін тарифтерін төмендете бастады. Ал бұл олардың кірісіне әсер етпей қоймайды. Сол себептен, операторлар пайда табудың жаңа жолдарын ойлап тапты. Сандарды сөйлетсек, жыл басынан бері байланыс операторлары 86 млн теңге пайда көрген. Ал былтыр осы уақытта олардың табысы 20 млн-ға артық болатын. Айту керек, Ресей, Пәкістан, Украина және Африка елдеріндегі бірнеше оператор дәл осындай шағын несиелендірумен айналысады. Қызметтің жаңа түрі Қазақстанда жыл соңына дейін іске қосылуы тиіс.