Жарияланды: 550

Ұялы байланыс қызмет сапасына техникалық бақылау жүргізетін арнайы қондырғы орнатылмақ

Ұялы байланыс қызмет сапасына техникалық бақылау жүргізетін арнайы қондырғы орнатылмақ

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде ұялы байланыс операторларының қатысуымен өткен жиналыста көрсетіліп отырған қызмет сапасы талқыланды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында белгілі болғандай, қазіргі уақытта ҚР ККМ Байланыс және ақпараттандыру комитеті түрлі стандарттағы ұялы байланыс қызметтерінің сапасына техникалық бақылау жүргізуге және сигнал параметрлерін өлшеуге арналған арнайы қондырғы орнатпақшы. Бұл қондырғының көмегімен сигналдың желіде үздіксіз берілуіне және қолжетімділігіне, берілу сапасына талдау жүргізу мүмкін болады. Аталған қондырғы алдағы жылы Астана және Алматы қалаларында орнатылады. Қаржы бөлінген жағдайда 2013 жылы кезең-кезеңмен барлық облыстарға орнату көзделген. Жиналыста сондай-ақ, ұсынылып отырған қызмет сапасына әсер етуші мәселелер де талқыланды. Онда ұялы байланыс операторлары көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік бермей отырған бірнеше факторларды атады. Солардың қатарында - ҚР ІІМ ҚАЖК аумағына орнатылған ұялы байланыс сигналдарын төмендететін қондырғылардың орнатылуы, сонымен бірге мемлекеттік органдар мен мекемелердің ғимараттары мен аумағында радиоэлектрондық құрылғыларды орнатуға шектеулердің қойылуы бар. Өткізілген жиналыс қорытындысында байланыс қызметінің сапасын арттыруға және байланыс операторлары көтерген мәселелерді шешуге бағытталған тиісті іс-шаралар жоспарын әзірлеу туралы шешім қабылданды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін