Жарияланды: 430

Ұялы телефонмен түсірілген бейнероликтерге байқау жарияланды

Ұялы телефонмен түсірілген бейнероликтерге байқау жарияланды

Республикада «Туған елге тырнақалды тарту» деген атпен ұялы телефонмен түсірілген бейнеклиптер байқауы жарияланды.

Жоба ұйымдастырушылары - kiwi.kz порталы мен «Қазақстан студенттерінің альянсы» жастар ұйымы. «Біздің басты мақсатымыз - шығармашыл жастарды табу, қысқаметражды кино түсірумен әуестенетін жас режиссерлер арасынан талаптыларды анықтау», - дейді жоба жетекшісі Әлия Аппасова. Ұйымдастырушылар қатысушылардың жас шамасына немесе тақырыбына шектеу қойып отырған жоқ. Алайда, «Қазақстан студенттерінің альянсы» ұйымының басшысы Шыңғыс Бескемпіровтің айтуы бойынша, бейнероликтер зұлымдықты үгіттейтін көріністерден тұрмауы және уақыты 10 минуттан аспауы тиіс. Жобаға атсалысу үшін қатысушылар өз бейнебаяндарын порталдағы «Туған елге тырнақалды тарту» атты бөлімге салуы қажет. Үздік бейнероликтер көпшіліктің дауыс беруі арқылы анықталады. Интернетке қосылған кез келген адам сайтқа салынған туындыларды қарай отырып, көңіліне жаққан бейнебаянына дауыс бере алады. «Сонымен қатар бейнеролик идеясының криативтілігіне, оның шығармашылық көзқарасына және шеберлігіне көңіл аударатын болады. Жеңімпаздарға iphone, ipad, imac сынды байланыс құралдары беріледі», - дейді Ш. Бескемпіров. Байқау 15 шілде мен 25 тамыз аралығында өтеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін