"Ұят кетті бұлардан. Сәкен, ақшадан өлдің ба?" - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ұят кетті бұлардан. Сәкен, ақшадан өлдің ба?"

"Ұят кетті бұлардан. Сәкен, ақшадан өлдің ба?"

Отандық компанияның ресми бет-бейнесі атанған Сәкен Майғазиевтің басы дауға қалды. Парақшасына жарнамалық жазба жүктеген өнер иесін инста-оқырмандары жерден алып, жерге салуда. Көбі «Музарттық» әншіні ақшаға құныққан деп айыптауда.

  • 18 Қазан 2018
  • 333
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы НТК арнасының "Ревю" бағдарламасында айтылды.

Майғазиевтің инста-парақшасы 2,5 миллионнан астам адамның назарында. Сәкеннің әр жазбасынан сауатты әрі салиқалы әңгіме, өмір мен өнеріндегі жаңалықтарын күтетін оқырмандары, бұл жолы жарнаманы жүктегенде жақтыртпай қалса керек.

— Ақшаң бітті ме Сәкен? Жарнамаға кетіпсің ғой!

— Ұят кетті бұлардан. Алтын көрсе періште жолдан таяды!

Сәкен Майғазиев, «МузАрт» тобының әншісі:

— Енді сен қалып едің, бірдеңе, бір жерге керек еді деген сияқты артық ауыз бейпіл сөздер көп болып кетті. Бейне бір арақты немесе темекі, насыбайды жарнама жасап жатқандай теріс айналып кеткен адамдарды көргенде мен таң қалдым. Соншалықы не болды? Мен бір қылмыс жасадым ба?..

Алғашқылары дәл осылай айыптаса, жанкүйерлерінің енді бір тобы жарнамаға бет бұрған әншіні тек өнерден көргісі келеді.

Сәкен ағай, сізге енді жарнама жасау қалып па? Сізді тек сахнадан көргіміз келеді.

-Туу, Сәкен-ай! Жарнамамен бағаңды түсірмесең етті. Сен әншісің ғой!

Сәкен Майғазиев, «МузАрт» тобының әншісі:

-Бір жағы ол кісілерді де түсінуге болады. Әнші ретінде ғана көргісі келеді. Бірақ қазіргі заманда Тимати керек болатын болса гамбургер пісіріп жүр ғой. Мысалға Сильвестр Сталлоне кәдімгі арақты жарнама жасап жүр. Дэвид Бэкхам сусабындарды, қазіргі Роналдаға дейін жарнамаға түседі.

Сәкенге отандық компаниялардан күніне түрлі ұсыныстар түседі екен. Бірақ әр қадамына аңдап басатын Майғазиев, әр жарнаманы «жеті рет өлшеп, бір рет кесіп» барып қана желіге жүктейтінін жеткізді.