"Ұятсыз екен": Тәуекел Мүсілім кімге өкпелі? - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ұятсыз екен": Тәуекел Мүсілім кімге өкпелі?

"Ұятсыз екен": Тәуекел Мүсілім кімге өкпелі?

Көпшілік арулардың арманына айналған белгілі актер әрі тележүргізуші Тәуекел Мүсілім Caravan.kz медиа порталына эксклюзивті сұхбат берді.

  • 20 Қараша 2018
  • 477
Фото - Caravan.kz

Жаңа кәсібі жайлы

Әрбір ер азаматтың кәсібі болу керек деп ойлаймын, өзім біраздан бері кәсіп ашуды ойлап жүр едім. Содан Ерлан деген досым екеуміз түстеніп отырған кезде, ол маған осындай ұсыныс тастады "осындай кәсіппен айналысып көрсең қалай болады? Көмектесеміз ғой" — дегеннен кейін бірден іске кірісіп кеттік. Әзіл ретінде сақалмен суретке түсіп едім, соны бірден логотип ретінде шығардық. "Barber shop by Mussilim" — деп аталатын жігіттерге арналған салонда ер азаматтар шаштарын, сақал-мұртын алып, сәндей алады. Салонымыздың ерекшелігі клиенттерімізге шай, кофе беріледі оған қоса плейстейшен де бар.

Қыздарға арналған салон

Жанкүйерлерімнің басым көпшілігі нәзік жандылар екенін жақсы білемін. Маркетинг жағынан, кәсібімнің тез өту жағынан қыздарға арналған салон бірден қарқын алар еді. Дегенмен ең алдымен ер-азаматтарға арналған салоннан бастауды жөн деп санадым. Жақында бұл барбер шобымызды Астана және өзге де қалаларда ашып, ол салонымды биікке жеткізгесін барып аруларға да арнап ашатын боламыз. Инстаграмға көп жазып жатыр "неге қыздарға арналған ашпайсыз" — деп, ол да бұйыртса болып қалар. 

Үйленгелі жайлы

Жақында "Астана" арнасының "Ел аузында" — деген бағдарламасына сұхбат берген екен. Бағдарламаны шығарушылар "ұятсыз" екен, менің айтқандарымды бұрмалап шығарып қойыпты. Үйленген, екі баласы бар деп шығарған. Әрине 30 жасымда "бойдақпын" деп айтудың өзі ұяттау дегенмен факттың аты факт. Мен үйленген жоқпын, балам да жоқ. Бұрындары да осы бағдарлама айтқанымды бұрмалап шығарған еді, сол нәрсе қайталанып отыр. Осы уақыттан бастап "Астана" арнасына "Ел аузында" бағдарламасына ешқашан сұхбат бермеймін.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады!

Соңғы жаңалықтар