Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Қазақтың ұлттық киімін жаЛаңаштармен қосып шығарғандағы МАҚСАТ НЕ ? КІМ ЖАУАП БЕРЕДІ?
Осымен осы жылғы сорақы концерттердің ақыры болады дейсіздер ме?! Жоқ әрине!
Осылай жалғаса береді! Болып та жатыр!
Үндемеген сайын басқа т…ты “өнер” көрсетіп жүрген келімсегі бар, өзіміздікісі бар, қай қайсысы болса да!
Балық басынан шіриді!
Мәдениетті басқарып отырған министрлік @madeniet_sport_ministrligi пен басшысы Дәурен Абаев @dauren.abayev министр мырзаға осымен қанша рет осындай былықтарға шыдамымыз шекке жетіп, үндеуімізді жолдап, хатымызды жазып жалбарынғандай шырылдап жүрміз!
Жауап бар ма?! Жоқ!!!
Естуші мемлекеттің мәдениет министрлігінің құлағы тас керең болып қалған, “естімейді!” “көрмейді!”
Бірақ Халық, естіп те, көріп те отыр!
Әр нәрсенің шыдамы бар, шегі бар министр мырза @dauren.abayev!
Біз, Ата-Аналар, ҚАЗАҚТЫҢ НАМЫСТЫ ЖІГІТТЕРІ, АЗАМАТТАРЫ, осы уақытқа шейін сіздердің сүзгісіз өтіп, сіздердің беріп жатқан “мүмкіншіліктеріңіздің” арқасында көрінген азғын сахынамызда білгенін істеп, құсығын төгіп жатқан мәдениетсіз іс-шаралармен түбегейлі келіспейміз!
Сондықтан өз орныңызда тәртіп келтіре алмасаңыз, босатыңыз лауазымды орныңызды!
Орныңызға өз саласын жақсы білетін, жан тәнімен сезетін, жаны Халқының рухани деңгейіне шынайы ашитын, мәдениет саласында жастайынан мәдениеттің суын ішіп, сорпасын сіңірген ағаларымыз Аллаға шүкір бар, солар келсін!
Сонымен қатар, Қазақстан мемлекетінің мәдениетін көтеретін азамат болған соң, міндетті түрде ҚАЗАҚ тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін құрметтей алатын алып азамат болуы тиіс!!!
Дәл сіз туралы бұлай ешкім айтпайды, Халық арасында жүрген біз білеміз Халықтың көңіл-күйін, көз қарасын!
Жанашыр азаматтарымыз Аллаға шүкір бар, солар келсін орныңызға, орныңызды босатыңыз!
Соңғы жылдардың сорақысын тізіп тұрып береміз, көрсеңіз өзіңіз ұялатын жағдайлар өте көп, ұятыңыз бар болса әрине!", — деп жазды әнші Алтынай Жорабаева.