Қартаю енді жазмыш емес. Зерттеулерге сүйенсек, созылмалы аурулардың басты себебі тұқым қуалаушылық емес, өмір дағдысы, профилактика мен ерте диагностика. Сaravan.kz медиа порталының тілшісі ұзақ өмір сүрудің сырын анықтап білді.
Әлемдік зерттеулерге сүйенсек, 60 жасқа жеткендердің 95%-ында кемінде бір созылмалы ауру кездеседі екен. Қазақстанда өлімнің үштен бірі – жүрек-қан тамыр дерттері. Инфаркт пен инсульт 50 жасқа дейінгі адамдарда да жиілеп барады. Атеросклероз симптомсыз басталатын болған, тек холестеринге емес, тамыр қабынуына да байланысты дамиды. Сондықтан қазіргі медицина қауіпті ерте анықтайтын талдауларды ұсынып отыр. Атап айтқанда, ЛПНП, ApoB, Lp(a), қан қысымы, глюкоза, дене салмағы. Оған қоса өмір салтын өзгерту қазір өте маңызды, аптасына кемі 150 минут орташа қозғалыс, тұрақты күш жаттығулары, дұрыс ұйқы.
Онкологиядағы жаңа бағыт
Жасқа қарап жаппай скринингтен өтуден гөрі, жеке тәуекелге сай тексеру тиімді болып келеді. Полигендік талдау, ісіктің ізін қанда ерте анықтайтын жаңа тесттер (MCED), микробиом мен қабыну маркерлерін бақылау ауруды көзге көрінбей тұрып табуға мүмкіндік береді. Мысалы, әйелдердің 88%-ы өмір бойы сүт безі обырына шалдықпайды, ал кейбірінде тәуекел бірнеше есе жоғары.
Егде адамдардың өмір сапасын төмендететін басты себептердің бірі – когнитивтік қабілеттің әлсіреуі. Қандағы жаңа маркерлер, мысалы P-Tau217, Альцгеймер қаупін белгілер шықпай тұрып-ақ анықтайды. Бұл өмір салтын түзетуге, тереңірек тексерілуге, емді ерте бастауға мүмкіндік береді.
Жасанды интеллект пен «ағзаның қартаю сағаты»
Қазіргі технологиялар адам ағзаларының қартаю жылдамдығын өлшей алады. Алгоритмдер қаннан мыңдаған көрсеткішті талдап, генетика, суреттеу және өмір салты деректерімен салыстырады. Дәрігер тамыр, ішек, бауыр сияқты жүйелердің қайсысы тез қартаятынын біледі. Соған сай профилактика жүргізіледі.
Иммунитет – ұзақ өмірдің кілті
Жас ұлғайған сайын ағзада «баяу қабыну» күшейіп, жүрек-қан тамыр, онкология, нейродегенеративті дерттерді жылдамдатады. Иммундық жүйені нығайту әркімнің қолында. Күн сайын бір уақытта кемінде жеті сағат ұйықтау демалыс күндері ұйқыны қандырып алудан әлдеқайда пайдалы. Түннің алғашқы бөлігінде ми глимфатикалық жүйе арқылы қалдықтардан тазарады, бұл когнитивтік бұзылыстың алдын алады.
Күн сайын 10 мың қадам жүру міндетті емес. Мысалы, базалық деңгей 4 мың қадамнан басталады, ал тұрақты күш жаттығулары мен тепе-теңдікке арналған жаттығулар – функционалдық жастықтың сенімді көрсеткіші.
Негізгі жеміс-жидектен жасалған тағамды жеген пайдалы. Мысалы, бұршақ, жаңғақ, балық, тұтас дән өнімдері. Ақуыз аздау қажет, артық мөлшері (әсіресе жануар тектісі) қабынуды күшейтеді. Өңделген өнімдер мен қантты азайту ағзаға жеңілдік береді.
Қоршаған орта мен психика
Ауаны тазарту, пластик ыдыста тамақ қыздырмау, PFAS сияқты тұрақты химикаттардан қашу – денсаулыққа тікелей әсер етеді. Психикалық ахуал да маңызды. Созылмалы мазасыздық пен жалғыздық өмірді темекідей қысқартады екен. Серуендеу, табиғатқа шығу, хорда ән айту, достармен араласу сынды хобби — профилактиканың дәлелденген тәсілдері.
Болашақтың медицинасы ғылым жетістіктерін күнделікті әдетпен біріктіреді. Классикалық «диета + спорт» формуласы енді ауа сапасы, стресс, әлеуметтік байланыс, қалалық орта сияқты факторларды қамтитын «өмір формуласына» айналады. Барлық қажетті «дәрі» тегін әрі қолжетімді. Олар — ұйқы, қозғалыс, тамақтану, қарым-қатынас.
Қарапайым әрекет жоспары:
– Қысымды, қантты, липидтерді тексеру, бел шеңберін өлшеу.
– Аптасына 150 минут орташа белсенділік пен күш жаттығуларын қосу.
– Ұйқыны тұрақтандыру.
– Тарелкенің жартысы – көкөніс пен бұршақ, аптасына 2–3 рет балық.
– Бөлмені желдету, ауа тазартқыш қолдану, асүйде пластиктен бас тарту.
– Әлеуметтік қатынасты сақтау.
Нәтижесінде, биологиялық жастың төмендеуіне, негізгі мүшелердің ауыр ауру қаупінің азаюына, «сау жылдардың» көбеюіне қол жеткізуге болады.
80 жастан асқан, санасы айқын әрі белсенді адамдардың ортақ қасиеті – төмен қабыну, мықты иммунитет, қарапайым да тұрақты әдеттер. Саналы әрі дұрыс қартаюға көшу тек генетика емес, саналы таңдау мен жүйелі профилактика екенін ескерген жөн.
Жаңа ғасыр медицинасы ерте диагностикаға, тәуекелді басқаруға және нысаналы профилактикаға сүйенеді. Жасанды интеллект, жаңа биомаркерлер, киілетін датчиктер профилактиканы нақты әрі өлшенетін етеді.
Жас – паспорттағы сан ғана. Өмір сапасы – күн сайынғы шешімдерге байланысты. Қартаюды тоқтатады деген «ғажайып таблеткалар» екінші орында. Нағыз профилактика – тәуекел факторларын басқару, тәртіп және саналылық. Болашақ медицинасы – профилактика, жекелендіру және созылмалы аурусыз белсенді өмір.
