Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
60 келі салмақта белдескен Сметов ширек финалда ресейлік Рамазан Абдулаевқа есе жіберген болатын.
Жұбаныш белдесуінде Елдос түркменстандық Айбек Өміровты «иппон» ұпайымен жеңді.

Осылайша, біраз уақыттан бері ірі жарыстарда жүлде алмаған Сметов Grand Slam турнирінің қола медалі үшін күреседі.