“Ұзақ уақыт бойы үндемей келдім”: Ресейлік актер Павел Прилучный Шымкенттен қорыққаннан көшкенін жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Ұзақ уақыт бойы үндемей келдім”: Ресейлік актер Павел Прилучный Шымкенттен қорыққаннан көшкенін жариялады

“Ұзақ уақыт бойы үндемей келдім”: Ресейлік актер Павел Прилучный Шымкенттен қорыққаннан көшкенін жариялады

Шымкентте өмірге келген ресейлік актер Павел Прилучный Шым қалада орыс ұлтынан болғаны үшін "қорлық" көргені туралы айтты.

  • 2 Наурыз 2022
  • 9262
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Мен ұзақ үндемедім. Қазіргі уақытта мәңгілік… Менің айналамда, менің достарым мен әріптестерімнің балалық шақтарында мұндай ащы естелік болмаған шығар. Ол естелікті түк түсінбейсің, тек қорқасың. Өйткені сен — орыссың, ата-анаң да, көршілерің де орыс. Біреуінің тіпті тамағын кесіп алған кездер болған… Сондықтан біз Қазақстандағы Шымкент қаласынан, Новосибирск қаласының жанындағы Бердск қаласына бәрін тастап, көшіп кеткен болатынбыз. Сол уақытта бүкіл әлемге әйгілі «Perestroika» сөзі осылай аяқталған болатын. Ол кездегі жағдайды теледидардан көрсеткен жоқ, әлеуметтік желі болған жоқ. Енді сол уақыттың жаңғырығы мені ғана емес, бүкіл елді осындай күш-қуатпен жауып, көптеген сұрақтар туғызды, олардың бастысы өмір мен өлім туралы… Осы уақытқа дейін: Неге біз орыстар, қазақтар, украиндар, белорусс, грузиндер бір-бірімізді сонша уақыттан бері жек көріп келеміз? Біздің аталарымыз кезінде бірге соғысқан еді ғой. Бейбітшілік пен өркендиетте өмір сүруге не кедергі?", — деді Павел Прилучный.

Танымал актердің бұл пікірін оның жерлесі, оқырмандардың бірі жоққа шығарып, актер жазған постқа өз пікірін қалдырып кетті.

"Бұлай жазуға ұялмайсыз ба? Шымкент қаласындағы Турланская экспедиция әлі де бар. Мұнда әлі де көптеген орыстар бар. Бәрі тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Біздің орыс ұлтынан көршілеріміз көп. Сіздің жазған сөзіңізге ешкім сенбейтініне қарамастан әдейі жаздыңыз ба? Бұлай жазғаныңыз өкінішті ақ. Оның үстіне туған жеріңіз туралы", — деп пікір қалдырды оқырман.

 

Соңғы жаңалықтар