Ұзату тойын жағдайыңыз жетсе, жасаңыз. Кредитке кірмеңіз - Жазира Байырбекова - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұзату тойын жағдайыңыз жетсе, жасаңыз. Кредитке кірмеңіз - Жазира Байырбекова

Ұзату тойын жағдайыңыз жетсе, жасаңыз. Кредитке кірмеңіз - Жазира Байырбекова

Танымал әнші Жазира Байырбекова ұзату тойға қатысты пікірін білдірді. 

  • 11 Тамыз 2023
  • 264
Фото - Caravan.kz

Әнші қазір ұялатын заман емес екенін айтты, деп жазды Caravan.kz медиа порталы. 

— Қыз ұзатуда:
1) Иығына қызыл орамал тақпай-ақ
қойыңыздаршы;
2) Ұзатылар алдындағы қызға батаны сәукелені кигізіп болған соң берсінші;
Vo») 4G+ ill 51%
LTE1
3) Құрбыларына тарататын үкіні тойдың
ортасынанан сәл асқанда таратсыншы аяғына қалдырмай;
4) Ақ жолдың үстімен кетіп бара жатқанда тек туған ата-анасы мен,туған бауырлары ғана құшақтап сүйсінші;
5) Ұзатылар алдында құдаларды сыртқа шығарып жіберетіндер
бар.Шығармаңыздар.Олар да ұзату рәсімін көріп қыз бен жігітпен бірге шықсын;
6) "Бақытты боламын деп барма,сол әулетті бақытты етемін деп бар" деп слишком ауыр жүк артып тілек айтпаңыздаршы;
Қыз бақытты болса әулет те бақытты болады
ғой.
7) Ұзату тойын жағдайыңыз жетсе
жасаңыз.Жетпесе қиналып кредитке кірмеңіз. Ұялатын заман емес.
Тойсыз-ақ бақытты отбасы болып жүргендер
көп…
Ойыма ой қоссаңыздар болады!, деп жазды әнші.  

Оқырмандар: "Тағы бір мәселе, күйеу жігіт қайынжұрттың көзінше қалыңдықты көтеріп кетпесін. Өте әдепсіз қылық, елден ұят болады", деп ұзату тойлағы ерсі әрекеттерге қатысты пікірлерін, ұсыныстарын білдірді.