Үздік аудармашы анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үздік аудармашы анықталды

Үздік аудармашы анықталды

Қалалық конкурста бірінші орын алған Павлодар мұнай-химиялық зауытының қызметкері Әсел Біләлова Павлодардың үздік аудармашысы атанды, деп хабарлады мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінен. Кәсіпқой тілмаштар конкурсына қатысқан 17 адам бірінші және екінші кезеңде іскерлік құжаттарды, көркем шығармаларды қазақ және орыс тілдеріне аударудан жарысты. Қазылар алқасы бірінші конкурста оларға іскерлік стильді сақтау талаптарын қойса, екінші конкурста маманның көркемдік және сөздік қорының сапасына баға берді. Ал жаңа терминдер бойынша конкурста мамандардың мемлекеттік комиссия бекіткен терминологияны білу деңгейлері анықталды. Қазылар алқасының шешімімен екінші орынды білім бөлімінің аудармашысы Аян Төлебаев иеленсе, үшінші орын сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Ақжарқын Асаиноваға берілді.

  • 13 Сәуiр 2011
  • 609
Фото - Caravan.kz


Аудармашы

Перейти к новостям спорта