Үздік ғалымдарды марапаттаған Назарбаев алғашқы диссертациясын есіне түсірді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үздік ғалымдарды марапаттаған Назарбаев алғашқы диссертациясын есіне түсірді

Үздік ғалымдарды марапаттаған Назарбаев алғашқы диссертациясын есіне түсірді

Назарбаев алғашқы докторлық диссертациясын есіне түсіріп ағынан жарылды. Бүгін ұлттық мейрам Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақордада жаңа технологиялар ойлап тауып, ғылыми жаңалық ашқан ғалымдардың еңбегі еленді.  Әл-Фараби атындағы айтулы мемлекеттік сыйлықты табыстаған президент профессор мен академиктерге мұнымен тоқтамауды айта келе, өзінің зерттеулері жайында айтып берді.

  • 15 Желтоқсан 2015
  • 338
Фото - Caravan.kz

Шетел президенттерімен маңызды құжаттарға қол қойылатын Ақорданың Мәрмәр залы бүгін бірнеше сағатқа белгілі ғалымдар үшін есігін айқара ашты. Мемлекет басшысы өз саласы бойынша тың ғылыми жаңалық ашқан атақты математик, физик, биолог дәрігер мен агрономдардың кеудесіне арнайы төсбелгіні өзі тақты. Арасында техника ғылымдарының докторы Талғат Мұсабаевта бар. Космосқа бірінші рет ұшардай тым  қобалжыған оның ғарышты игерудегі еңбегі ескерілген. 

Талғат Мұсабаев, Аэроғарыш комитетінің төрағасы:

-Алла сізге күш-қуат денсаулық берсін. Нұрсұлтан Әбішұлы, ғарышқа ұшатындай әсерде тұрмын. Шын жүректен айтамын. Көп рахмет.

Айтулы академиктер құнды қазба байлықтарынан бастап, бекіре балығына дейін зерттген. Осы жерде Назарбаев Қазақстанның жер асты қазбалары жайында Мәскеуде қорғаған алғашқы докторлық диссертациясын есіне түсіріп, ағынан жарылды. Ал бүгін мемлекеттік сыйлық 6 ұжымға, яғни 39 ғалымға теңдей бөлінсе, бұлардың арасында ең жоғарғы марапатты жалғыз иеленген әйгілі экономист Аманжол Қошанов қана.

-Барлығы ғалым шетінен. Ал да диссертацияны қорғай бер.

Мемлекеттік сыйлықты тарату кезінде президент біраз қалжыңдап  салтанатты шараны ресмилендірмеуге тырысты. Осыдан соң тым толқыған профессорлар өздерін еркін сезіне бастағандай.

-Биологтармен сөйлессең  көңіліңізді көтереді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Бүгінгі алған мемлекеттік сыйлықтарыңыз құтты болсын. Денсаулықтарыңыз мықты болсын. Осы алған білімдерізбен  алға қарай жылжып елге қызмет ете беріңіздер.

Ақордадан мәртебесі өсіп, шабыттанып шыққан ғалымдар тың зерттеулерімен тағы таңқалдыруға уәде етті. Ал мемлекеттік сыйлықтың биылғы жүлде қоры 18 миллион теңге. Бұл қомақты қаржыны марапатқа ие болған 6 ұжым мүшелері өзара бөліп алуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар