Жарияланды: 430

Үздік оқушылар елордаға саяхатқа аттанды

Үздік оқу үшін елордаға саяхат. Білім сайыстарында жоғары баға алған балалар  тамаша мүмкіндікке ие болып отыр. Бүгін олимпиада жүлдегерлері бас қалаға Алматы облысынан келіп жетті.

Жоғары сынып оқушылары үшін мереке ұйымдастырған - Тұңғыш президент қоры.  Қайырымдылық шараға кез келген адам қатыса алмайды. Ең алдымен оқуға зейін қойып, олимпиадалар кезінде білімдерін дәлелдей білу керек. Бұл балалар басты талапты абыроймен орындап шықты. Осылайша 20 шақты үлгілі оқушы іріктеліп, елордаға жолдама алды. Үш күндік сапар барысында олар Астананың ең көрікті жерлерін аралайды. Дәстүрге сай, алғашқы нысандардың бірі Бәйтерек болды. Жігерлі жастар уақытты қызықты әрі тиімді өткізбек ойда. Дені болашақ талапкер болғандықтан  жетекші оқу орындарымен де танысуды көздейді.  

Жадыра Қыдырбайтегі, 11-сынып оқушысы:

- Бүгін Астанада бізді жақсы қарсы алды. Сонымен қатар орын алғаннан кейін сыйлықтар берді. Үлкен рахметімізді айтамыз! Болашақта үлкен мамандық иесі болып, Қазақстанды көркейтуге, жайқалтуға өз үлесімізді қосқымыз келеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін