Жарияланды: 410

«Үздік сабақ» байқауының жеңімпаздары ертең елордада марапатталады

Ертең Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайының «Бесік» залында «Тәуелсіздік тірегің, егемендік елдігің» тақырыбындағы «Үздік сабақ» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтеді.

Елорданың ресми сайтының мәдіметінше, іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналған. Мектеп директорлары мен олардың орынбасарларын және мұғалімдерді алғыс хаттармен Астана қаласының әкімі атынан қала әкімінің орынбасары А. Балаева мен Астана қаласы Мәдениет басқармасының бастығы Б.Мажағұлов марапаттайды. Соңында байқауға қатысушыларға 15 аталым бойынша дипломдар мен бас жүлде - Гран-при тапсырылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін