«Үздік сабақ» байқауының жеңімпаздары марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Үздік сабақ» байқауының жеңімпаздары марапатталды

«Үздік сабақ» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында қаланың мектептері мен лицейлері арасында өткен «Тәуелсіздік тірегің, егемендік елдігің» атты «Үздік сабақ» байқауының жеңімпаздары марапатталды.

  • 21 Желтоқсан 2012
  • 313
Фото - Caravan.kz

Елорданың ресми сайтының жазуынша, іс-шараны ұйымдастырушы Астана қаласының Мәдениет басқармасы. Байқауға елорданың 100 білім мекемесі қатысты.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Аида Балаева өзінің сөзінде атап өткеніндей, іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналып отыр. Басты мақсаты — жас ұрпақтың бойында патриотизм рухын қалыптастыру. «Жастар — біздің болашағымыз. Сондықтан, о бастан жеткіншек ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін дарытып, қазірден бастап олардың жүрегіне туған еліне деген шексіз махаббатты орнықтыра бастау қажет», — деді әкімнің орынбасары.

Құрамына қалалық әкімдіктің өкілдері, еңбек сіңірген ұстаздар, мәдениет қайраткерілері кірген байқау комиссиясы мүшелерінің айтуынша, жеңімпаздарды таңдау өте қиынға соққан. «Тәуелсіздік тірегің, егемендік елдігің» тақырыбындағы барлық ашық сабақтар тартымды да қызықты өткен. Сондықтан, барлық қатысушылар да қала әкімдігінің Алғыс хаты мен ескерткіш сыйлықтарына, жүлделеріне ие болды. Жеңімпаздарға 15 аталым бойынша ақшалай сыйлық берілді. Гран-при — бас жүлде (Демеушілерден 100 мың теңге және Қазақстанның Халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың шығармалар жинағы) екі қатысушыға тапсырылды. Олар — қаладағы №68 орта мектеп директоры Нағашыберген Ерденұлы мен №54 орта мектеп директоры Гүлбарша Бүркітбайқызы.