Кеңес барысында тараптар БҰҰ Бас ассамблеясының 6-қыркүйекте басталатын 58-сессиясында талқыланатын өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Отырыста Ұжымдық Қауіпсіздік келісіміне мүше-мемлекеттердің сыртқы саясат саласындағы іс-қызметін БҰҰ жүйесі аясында өзара үйлестірудің маңызы атап көрсетіліп , осы саладағы нақты қадамдар келісілді.
Қазіргі заманғы қауіп-қатерге , соның ішінде халықаралық лаңкестікпен күрес, жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау, есірткі саудасына тосқауыл қою саласындағы ынтымақтастыққа баса назар аударылды. Ирак, Таяу Шығыс және Ауғанстан төңірегіндегі аймақтық қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелер ортақ позиция тұрғысынан талқыланды.
Ұжымдық Қауіпсіздік келісіміне мүше-мемлекеттердің БҰҰ-мен, соның ішінде әсіресе БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің лаңкестікке қарсы комитетімен ықпалдастық аясын кеңейтуге мүдделілігі тағы бір дәлелденді . Тараптар БҰҰ хатшылығы мен аймақтық ұйымдар басшыларының дәстүрлі отырыстарына белсене қатысуға ниет білдірді.
Кеңеске қатысушылар Ұжымдық Қауіпсіздік келісіміне мүше-мемлекеттердің БҰҰ аясындағы, соның ішінде Бас Ассамблеяның 58-сессиясы шеңберіндегі іс-қызметін үйлестіруді және өзара нақты іс жүзіндегі ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге мүделлілік танытты.
Сондай-ақ, Ядролық қару таратпау жөніндегі Келісімнің орындалу барысын талқылауға арналған 2005-жылғы конференцияға дайындық жұмыстарының барысы да сарапқа салынды.