«Біз Өзбекстан мен Қырғызстанның ел ішіндегі ахуалды тұрақтандыруға бағытталған әрекеттерін қолдаймыз»,- деді Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымына мүше елдердің Қауіпсіздік кеңесінің хатшылары комитетінің отырысынан кейін РФ Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Игорь Иванов.
И.Ивановтың айтуынша, ұйымға мүше елдердің Қауіпсіздік кеңесінің хатшылары комитетінің отырысында сонымен бірге ТМД елдеріндегі қауіпсіздік мәселесі де қаралды.