Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымы шеңберінде келісімдердің 75 проценті күшіне енді - Ұйым хатшылығы - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымы шеңберінде келісімдердің 75 проценті күшіне енді - Ұйым хатшылығы

Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымы шеңберінде келісімдердің 75 проценті күшіне енді - Ұйым хатшылығы

Қазіргі жағдаймен Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымы шеңберінде мемлекет басшылары мен иүше елдердің үкіметтері қол қойған келісімдердің 75 проценті күшіне енді. Бұл туралы бүгін, 26-тамызда Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымы хатшылығының баспасөз қызметі таратқан хабарламада айтылған,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 26 Тамыз 2005
  • 714
Фото - Caravan.kz

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, «кейінгі екі жылда ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құруға бағытталған жұмыстар қарқынды жүргізілді». «2003-2005-жылдарда Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымы шеңберінде ұйымға мүше елдердің ұлттық парламенттері барлық құжаттардың үштен екі бөлігін бекітті»,- дейді хатшылықтағылар.

Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжаның айтуынша, «ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі негізгі құжаттарға жататын Келісімнің тікелей өзі, оны ұзарту туралы хаттама, Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының құқықтық мәртебесі туралы келесім мен жарғыны қоспағанда, қазіргі таңда ұйым шеңберінде мынадай құжаттар жұмыс істейді: Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісімге біріккен елдер арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықтың басты принциптері туралы келісім, Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің жасақтары мен күш-құралдарының мәртебесі туралы келісім және оларды қалыптастыру және жұмысы туралы хатама, әскери өнімдердің мақсатты пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру тәртіптері туралы хаттама, Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымына мүше елдердің әскери инфрақұрылым нысандарын бірлесіп пайдалануы және аумақтарды шұғыл жабдықтау туралы келісім. Бұл құжаттар ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құрып жетілдіруге нақты қызмет етуде»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан республикалары біріккен.

Перейти к новостям спорта