З.Сироджовтың ақпаратына сәйкес, 24-наурызда Қазақстан Қарулы Күштерінің бітімгершілік бөлімшелері Тәжікстанға келген. Ал Қырғызстан қарулы күштерінің осындай бөлімшесі 21-наурызда келіп жеткен. «Бірлескен тактикалық оқу-жаттығуларға дайындық жұмыстары енді барлық қатысушылардың атсалысуымен полигонда жалғасады»,- деді ол.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Шеп-2005» оқу-жаттығуларын 29-наурыз бен 6-сәуір аралығында Қырғызстан және Тәжікстан аумағында өткізу көзделіп отыр. Жаттығулардың алғашқы штабтық фазасы 29-наурыз бен 1-сәуір аралығында Қырғызстан Республикасы қорғаныс министрінің басқаруымен өткізілуге тиіс болатын.
Ал жаттығулардың екінші фазасы Шұғыл әрекет етуші ұжымдық күштердің қатысуымен жауынгерлік атыстарды жүзеге асыра отырып Тәжікстан аумағында өтеді.
Оқу-жаттығулар барысында Орталық Азия республикаларының егемендігі мен аумақтық біртұтастығын қорғау мақсатында ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын қолдану және басқару бағытында бірлескен шешімдерді жүзеге асыру мәселелері бойынша машықтану көзделген.