Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымына мүше елдердің қауіпсіздік кеңесінің хатшылары Ереванда ұйым аясында есірткіге қарсы күрес құрылымын құру мәселесін талқылайды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымына мүше елдердің қауіпсіздік кеңесінің хатшылары Ереванда ұйым аясында есірткіге қарсы күрес құрылымын құру мәселесін талқылайды

Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымына мүше елдердің қауіпсіздік кеңесінің хатшылары Ереванда ұйым аясында есірткіге қарсы күрес құрылымын құру мәселесін талқылайды

30-қарашада Ереванда Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымына мүше елдердің қауіпсіздік кеңесінің хатшылары бас қосады. Мәжіліске Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан қауіпсіздік кеңесінің хатшылары қатысады.

  • 29 Қараша 2004
  • 399
Фото - Caravan.kz

Тәжікстан қауіпсіздік кеңесінің хатшылығынан KZ-today тілшісіне мәлім болғанындай, тараптар халықаралық лаңкестікке қатысты мәселелер бойынша Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының ролі мен орнына қатысты жайттарды талқылап, Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының осы саладағы тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар құжаттардың жобасын келіседі деп күтілуде.

Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымына мүше елдердің заңсыз есірткі айналымына қарсы күресін үйлестіруші құрылымды құру туралы мәселе қаралады. Сонымен бірге лаңкестік ұйымдардың тізімін жасау, әскери мамандар дайындау мәселелері де сарапқа салынбақшы.

Перейти к новостям спорта