Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымына мүше елдердің қорғаныс мекемелері басшыларының кеңесі Мәскеуде әскери мамандар дайындау мәселесін талқылайды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі  келісім ұйымына мүше елдердің қорғаныс мекемелері басшыларының кеңесі  Мәскеуде әскери мамандар дайындау мәселесін талқылайды

Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымына мүше елдердің қорғаныс мекемелері басшыларының кеңесі Мәскеуде әскери мамандар дайындау мәселесін талқылайды

25-қарашада Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымына мүше елдердің қорғаныс министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтеді. Бұл туралы KZ-today ақпараттық агенттігінің Душанбедегі тілшісіне Тәжікстан қорғаныс министрлігінің баспасөз орталығынан хабарлады.

  • 23 Қараша 2004
  • 346
Фото - Caravan.kz

Баспасөз орталығының ақпаратына сәйкес, алдағы кездесуде министрлер ұйымның әскери құрамдас бөлігінің ағымдағы және болашақ дамуы, Шұғыл әрекет етуші ұжымдық күштердің жұмыс істеуіне негіз болатын құқықтық алғышарттарды жетілдіру туралы мәселелерді талқылайды. Әскери мамандар дайындау мәселесіне де айрықша маңыз берілмек. Кеңес Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының Біріккен штабының РФ аумағында орын тебуі және оның жұмысын ұйымдастыру жағдайлары туралы келісімнің жобасын талқылайды.

Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан республикалары біріккен.

Перейти к новостям спорта